×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қазақстанның екі қаласында пәтер бағасы күрт өсті

09.03.2023, 16:29
infovoronezh.ru

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда қайта сату бағасы 13%, жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 14% өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы ақпанда 33,8% артқан.

«Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе (25,4%) және Ақтау қалаларында (25,2%) едәуір қымбаттады. Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің көш басында Семей (41%), Қызылорда (39,9%), Ақтөбе (36,9%), Ақтау (35,4%), Қостанай (30,9%) қалалары тұр, ал тұрғын үйді жалға алу бойынша жоғары өсім Көкшетау (53,7%), Қостанай (51,9%), Алматы (49,6%) және Петропавл (49,3%) қалаларында тіркелді», - делінген бюро хабарламасында.

Бір айдың ішінде (2023 жылғы ақпан 2023 жылғы қаңтарға қарағанда) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 0,3%, пәтерлерді қайта сату 0,4% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда 0,2% өсті. 

Айта кетейік, өткен жылы елімізде пайдалануға берілген тұрғын үй ауданының көлемі біршама азайған.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың қаңтар-желтоқсаны аралығында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 15,4 млн шаршы метрді құраған. Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға аз.

«2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі Алматы қаласында 34,6%-ға күрт азайды. Сондай-ақ Ұлытау облысында – 29,6%-ға, Астана қаласында – 24,7%-ға азайған», - делінген бюро хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары