Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы орта есеппен 535,3 мың отбасыға төленген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ақпан айында 538 мың отбасына 33,8 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.
“Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады”, – делінген ведомство хабарламасында.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасылардағы:
- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде төленеді.