×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әбілқасымова Bereke Bankті кім сатып алуы мүмкін екенін айтты

29.03.2023, 14:20
Әбілқасымова Bereke Bankті кім сатып алуы мүмкін екенін айтты
Фото: Ашық дереккөзден

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Bereke Bankті (бұрынғы Ресейдің Сбербанкі) әлеуетті сатып алушылары туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазір оның көрсеткіштері жақсы, капиталдың жеткіліктілігі қазірдің өзінде 10 пайызды құрап отыр. Енді банктің акционері болып табылатын "Бәйтерек" банк акцияларын сату үшін инвесторлар іздей бастайды», - деді Әбілқасымова сәрсенбі күні парламент отырысында журналистерге.

Оның айтуынша, банкке ЕҚДБ, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Грузия инвесторлары қызығушылық танытқан. Алайда ол банкте бюджет қаражаты игерілмегенін айтты.

«Қайталап айтамын: біріншіден, банктің өз қаражаты пайдаланылды. Банкті алу үшін бір тиын да бюджет қаражаты жұмсалған жоқ, мемлекет тарапынан да көмек көрсетілмеді», - деді ол.