×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Бұдан былай балабақшалар екпе алмаған балаларды қабылдамайды

31.03.2023, 17:13
Бұдан былай балабақшалар екпе алмаған балаларды қабылдамайды
2gis.kz

Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова отандық басылымдардың біріне берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас санитардың сөзінше, мұндай тыйымды енгізу мәселесінің көтерілуіне елімізде қызылша дертінің асқынуы себеп.

Наурызда Қазақстанда қызылшаның 70-тен астам жағдайы зертханамен расталды. Әсіресе, Алматыда ахуал күрделі. Мұнда жыл басынан бері қызылшамен 46 науқас ауырды. Науқас балалардың жартысының ата-аналары екпеден бас тартқан.

Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, балабақша тобындағы балалардың 90%-ы вакцинациялануы керек. Егер екпе алмағандардың саны 10%-дан көп болса, онда олардың келуіне тыйым салу мәселесі қарастырылады.

"Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарының бірінде норма бар. Балабақшаларда вакцинацияланбаған балалардың саны 10 %-дан аспауы керек. Жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне осыны анықтауға мониторинг жүргізуді тапсырдық. Егер норма сақталмаса, вакцинацияланбаған балаларды балабақшаларға жіберуді тоқтатамыз. Мұны өзіміз ауырмас үшін және басқаларға жұқтырмас үшін жасаймыз. Басқа жол жоқ. Бұл – заң нормасы, ортақ жауапкершілік. Науқастардың саны өсе береді, біз балаларды қорғауымыз керек", – дейді Айжан Есмағамбетова.