×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанада "шетел агенттері" тізілімін құруға қарсы пикет өтті

04.04.2023, 15:04
Астанада "шетел агенттері" тізілімін құруға қарсы пикет өтті
Фото: Артур Алхастов / bureau.kz

Алматылық журналист Айдар Елкеев 4 сәуірде Астанада Қаржы министрлігі ғимаратының жанында жеке пикет өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Пикет жергілікті билікпен келісілген. Журналист Қазақстанда шетелден ақша алатын адамдардың тізілімін жасауға қарсы.

Ulysmedia.kz тілшісінің сауалдарына жауап берген Айдар Елкеев нақты қандай талаптары барын айтты:

 – шетелден қаржы алатын тұлғалар тізілімінің күшін жою;

 – Қазақстаннан ақшаны заңсыз шығарған шенеуніктердің тізілімін жариялау;

 – жеке тұлғалар мен ҮЕҰ үшін шетелдік қаржыландыру бойынша есептіліктің күшін жою.

"Тізілім "иноагенттер тізілімінің " қазақстандық баламасына ұқсас. Мен Ресейдегідей билікке, ҮЕҰ мен БАҚ-қа ұнамайтын белсенділерді қудалауды қаламаймын. Сондай-ақ, мемлекет шетелге заңсыз ақша шығарғандар қандай залал келтіргенін, кінәлілер қалай жазаланғанын көрсетуі керек. Бұл – қазақстандық салық төлеушілердің ақшасы. Менің ойымша, біз бұл ақшаны кім, қанша және қайда шығарғанын білуге құқылымыз", - деді журналист.

Елкеевтің сөзінше, түске дейін оған Қаржы министрлігінің өкілі келіп, талаптары мен өтініштерін Мемлекеттік кірістер комитетіне жеткізуге уәде берген.

Пикет оқыс оқиғаларсыз өтті, түскі ас кезінде журналист акцияны аяқтады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қазақстанда «шетел агенттері» туралы заңның пайда болу ықтималдығы жөніндегі сұраққа жауап берген.

Ал Ресейде  "шетел агенті" ретінде танылған адамдарды табысынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр.