×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Қазақстанда «шетел агенттері» туралы заң пайда болуы мүмкін бе – омбудсменнің жауабы

17.03.2023, 14:07
sputnik.kz

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қазақстанда «шетел агенттері» туралы заңның пайда болу ықтималдығы жөніндегі сұраққа берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бұл мәселе күн тәртібінде жоқ екенін білемін. Егер осындай бастама болса, онда өзіміз тиісті сараптама жасаймыз. Бізде мұндай жұмыстарды атқаруға қауқарлы штат жасақталған, олардың тиісті мамандықтар бойынша білімі бар. Бұған нақты баға беріп, міндетті түрде өз пікірімізді білдіреміз», –  деп жауап берді ол тілшілердің сауалына.

Еске салайық, жуырда Грузияда «шетел агенттері» туралы заңның қабылдануына қарсы жаппай наразылықтар бірнеше күн бойы өтті. Заң жобасы ел парламентіне екі нұсқада ұсынылды. 7 наурызда Грузия депутаттары «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдаған. Ол Грузияда «шетелдік агенттердің» тізілімі пайда болуын қарастырған: ол тізімге барлық коммерциялық емес заңды тұлғалар мен шетелден 20%-дан астам қаржыландырылатын БАҚ тіркеледі.

Наразылықтардан соң Грузия парламенті аталмыш заң жобасын қарауды тоқтатты.

Серіктес жаңалықтары