×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қазақстандағы ауруханалардың жартысына жуығы тозып кеткен

04.04.2023, 16:16
көрнекі фото: newsland.com

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі ауруханалардың жай-күйіне қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің дерегінше, бүгінгі таңдар Қазақстанда 6 187 мемлекеттік денсаулық сақтау нысаны, оның ішінде 492 аурухана және 5 695 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысаны бар. Олардың тозу деңгейі 44,7%-ды құрайды. Ең сорақысы, жұмыс істеп тұрған стационарлардың көпшілігі халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келмейді.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бекітілген Ұлттық жоба шеңберінде 655 МСАК нысанын салу, сондай-ақ жарақтандыру, күрделі жөндеу, реконструкциялау жолымен 32 көп бейінді орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту көзделеді. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, Ажар Ғиният өңірлерде заманауи стационарлар салу жоспарланып отырғанын жеткізді.

“Астана және Алматы қалаларында 2 ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 8 көпбейінді аурухана,12 перинаталдық орталық және онкология орталықтарының желісі. Сонымен қатар келесі өңірлерде Қостанай және Алматы облыстарында 3 аудандық емхана, Қызылорда мен Павлодар облыстарында 2 көпбейінді аурухана, Маңғыстау облысында аудандық орталық аурухана және Қызылорда қаласында Қан орталығының құрылысы жалғасып жатыр”, – деді ол.

 

Серіктес жаңалықтары