×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Елімізде ең жоғары және ең төмен жалақыны кімдер алады

06.10.2021, 10:35
фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандағы еңбекақылар туралы ақпарат жария болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы қаржы мен сақтандыру қызметі саласының жұмыскерлерінде: 394,3 мың теңге. Бұған қоса кәсіп, ғылым және техника салалары (344,6 мың теңге) мен құрылыс қызметінің (321,1 мың теңге) қызметкерлері аз ақша таппайды, дейді finprom.kz.

Ұлттық статистика бюросының зерттеуіне сәйкес, ең төмен орташа еңбекақы әдеттегідей ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы саласында (135,1 мың теңге) тіркелген. Жылжымайтын мүлікпен операциялар жасау сегментінде (141,8 мың теңге), өнер, ойын-сауық пен демалыс саласында да (143,5 мың теңге) көрсеткіштер жоғары емес.

Бұған дейін фермерлер мемлекеттік қызеткерлерден үш есе аз жалақы алатынын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары