×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Елімізде үй жануарлары міндетті есепке алынады

08.10.2021, 11:59
Елімізде үй жануарлары міндетті есепке алынады
фото: Ашық дереккөзден

Жануарларға қатысты жаңа заң жобасы үй жануарларын міндетті есепке алуды енгізеді. Бұл турасында бүгін ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» брифинг барысында экология вице-министрі Әлия Шалабекова атап өтті, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

«Осы айтылғандарды жоспарлы іске асыру, және үй жануарларын есепке алуды жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ олардың иелеріне біржолғы жаппай жүктемені болдырмау мақсатында заң жобасында үй жануарларын міндетті есепке алуды кейінге қалдыру нормасы көзделген. Яғни, 2023 жылғы 1 қыркүйектен басталады», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, осы салаға қоғамдық бақылау институтына бейім азаматтар мен қоғамдық ұйымдарды тарту қарастырылған. Жануарларды ұстау саласында «қоғамдық инспекторлар» ұғымын енгізу ұсынылып отыр. Жануарларға қарау саласында қоғамдық бақылау жүргізудің неғұрлым егжей-тегжейлі тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Жергілікті атқарушы органдарға жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, жануарларды иелеріне беруге, жоғалған жануарлардың иелерін іздестіруге және үй жануарларын биостерилизациялау қажеттігі туралы хабардар етуге бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру бойынша құзырет беріледі.

Енді үй иелері жануарларын тіркемесе, оларға 10 АЕК (29 170 теңге) көліменде айыппұл төлеуге тура келеді. Егер заң бұзушылық қайталанса, айыппұл жоғарылайды.

«Бұл қаңғыбас мысықтар мен иттердің бұрынғы иелерін анықтау мақсатында керек. Екінші жағынан, иесіз жануарлардың көбеюіне жол бермеу үшін қолға алынып отыр», - деп қосты ол.