×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Депутат ажырасқан жұптың сотына баланы қатыстыруды ұсынды

13.10.2021, 11:02
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжілісмен Дархан Мыңбай елдегі ажырасу жағдайларын азайту үшін бірнеше ұсыныс білдірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Ажырасу кезінде ең көп зардап шегетін балалар екені шындық. Дүние-мүлік бөлісу, балалардың тұрғылықты жерін анықтау дауы, алимент, туыстық қатынастардың үзілуі сияқты мәселелердің ауыртпалығы да, моральдық-әлеуметтік қиыншылықтары да жетерлік. Толық емес отбасыда толыққанды бозбаланы, төрт құбыласы түгел бойжеткенді тәрбиелеу де оңай болмас», - дейді Дархан Мыңбай.

Оның айтуынша, отбасы жайлы ұлттық баяндама мен ресми статистикалық мәліметтер бойынша 2015-2019 жылдар аралығында жалпы тіркелген некелердің саны – 709,6 мың, ал ажырасқан отбасылардың саны – 274,5 мыңды құрап, яғни жалпы тіркелген некелермен салыстырғанда, ажырасу саны 35%-тен 43%-ке дейін көтерілгені байқалады. Демек, орта есеппен, соңғы 5 жылда күніне 389 неке тіркелсе, 150 отбасы ажырасқан.

«Мысалы, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 59 796 (119 592 адам) неке бұзылып, яғни бір күнде 164 отбасы ажырасқан. Сол жылы 120 мыңға жуық адам некесін бұзса, оның әрбір екіншісі, яғни 60 мыңнан астамы (60 324 жас адам – 50,5%) 18-35 жасқа дейінгі жастар. Ажырасулардың басым бөлігі 30-34 жас (23,3%) аралығындағы жас отбасыларға тиісті. Ғаламдық індетке байланысты 2020 жылы үйлену мен ажырасу төмендегенін ескергеннің өзінде бұл жағдайға бей-жай қарауға болмайды», - дейді ол.

Жоғарыда баяндалған ақпараттардың негізінде ажырасу жағдайларын азайту үшін депутат мынадай ұсыныстарды енгізді:

  1. Жастардың арасында тұрақты отбасы институтын қалыптастыру мен оның құндылықтарын дәріптеуді жандандыруға байланысты, орта және жоғары оқу орындарында арнайы факультативті пәндерді енгізуді қарастыру;
  2. Ажырасу жағдайында мүдделері мен құқықтарды қорғау үшін отбасындағы балалардың (10-18 жас аралығындағы) сот ісіне қатысуына қамтамасыз ету қажет, сот алдындағы медиациялық жұмысты жүйелендіру және оны ынталандыру, өркениетті елдердің отбасын сақтауға бағытталған тәжірибиесін насихаттау. Мысалы, ажырасу ең аз тіркелетін Италияда, дәм-тұзы жараспаған жағдайда ері зайыбын ғұмыр бойы асырайды.
  3. Қазақстан президенті өз жолдауында атап көрсеткендей, зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерінің шегінен асатын бөлігін тұрғын үй сатып алу мақсатында «Отбасы банкіне» аударуға рұқсат беру қажет. Көп балалы отбасылар үшін де осындай қолдаудың механизмін жетілдіру;
  4. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы алдында меншік түріне қарамастан барлық мекемелерде, ұйымдар мен ұжымдарда өткізілуі тиіс. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында отбасы құндылықтарын заманауи форматта дәріптейтін ақпаратты, видео-контентті көбейту.
Серіктес жаңалықтары