×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

“Жарнамасы тым көп - жалықтырады”: Марғұлан Сейсембаевқа сын айтылды

30.08.2023, 17:19
“Жарнамасы тым көп - жалықтырады”: Марғұлан Сейсембаевқа сын айтылды
Ulysmedia коллажы

Кәсіпкердің бірі Данат Жумин әріптесі Марғұлан Сейсембаевты “әлеуметтік желіде жарнамасы тым көп кездеседі” деп сынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жуминнің сөзінше, Сейсембаев интернет-жарнамасы желіде тым көп ұшырасады.

«Мен оның «ағартушы» қызметіне еш қарсы емеспін. Керісінше, ойлы білімі мен тәжірибесін бөліскісі келетінін құптаймын. Бірақ оның жарнамасы адамдарға тым таңылып жатқанын қош көрмеймін. Өз басыма “Марғұлан Сейсембай” бренді адамдарға тым көп таңылатындай көрінеді. Facebook, Instagram, YouTube - қайда кірсең сонда жүредң. Меніңше, жарнаманың тым көптігі оның еңбегін құнсыздандырады», - деп жазады Данат Жумин.

Сейсембаев әлеуметтік желіге таратқан жарнамасында адамдарды форумға қатысуға шақырады.

Forbes нұсқасы бойынша ең ықпалды 50 бизнесмен тізімінде 30-шы тұр.

Сейсембаев - Asadel Partners PEF Pte Ltd басқарушы серіктесі. Оның «Алель Агро» АҚ, «Tamos Education» ЖШС мен басқа компанияларда үлесі бар. и других компаниях. Seimar Investment Group компаниясының тең төрағасы әрі «Алмалы жұмақ» қоғамдық қорының иесі.