×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Биыл елімізде тұтынушылық кредиттер 24% ұлғайды

13.10.2021, 16:58
фото: Ашық дереккөзден

Банктік тұтынушылық кредит беру нарығындағы үрдістер жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тұтынушылық кредит беруге шолу ұсынды.

Биылғы жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша, тұтынушылық қарыздар 2020 жылмен салыстырғанда едәуір жеделдеп (2020 жылы тұтынушылық қарыздар 4,3%-ға ұлғайды), 5,4 трлн теңгеге дейін 23,8%-ға немесе экономикалық кредиттердің 33%-на (жыл басында 30%) ұлғайды. Осы көрсеткіштің өсуі биылғы жылы ЖІӨ мен халық табысының номиналды өсімінен едәуір асып түседі. Бұл тұтынушылық кредит беру нарығындағы тәуекелдердің артуын растайды. Биылғы жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша, ЖІӨ-ге тұтынушылық қарыздардың қатынасы 7,3%-ды құрады. Бұл Ресейдегі (9,5%) және Армениядағы (11,2%) осындай көрсеткіштен төмен.

Серіктес жаңалықтары