×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Биыл елімізде жаңадан берілген ипотека көлемі өсті

14.10.2021, 09:55
фото: Ашық дереккөзден

Биылғы жылғы қаңтар-тамыз айларында жаңадан берілген ипотекалық қарыздар көлемі 2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2,1 есе 1 032 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл 2020 жылы берілген қарыздардың жылдық көлемінен 6,6%-ға жоғары (2020 жылы – 967,7 млрд теңге), деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ипотекалық қарыздарды беру көлемінің өсу факторларының бірі азаматтардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуы болды. Олар ипотекалық тұрғын үй қарызын алу мақсатында бастапқы жарна салу үшін пайдаланылды, дейді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

«БЖЗҚ» АҚ деректері бойынша, биылғы жылғы 5 қазанда 1,9 трлн теңге алынған зейнетақы жинағы тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталды. Оның ішінде 198,7 млрд теңге (11%) ипотека алу үшін бастапқы жарна салуға жұмсалды. Ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара/толық өтеуге 296,4 млрд теңге (16%) алынды.

Бұл ретте 1,3 трлн теңге (70%) зейнетақы төлемі ипотекалық қарызды тартпай баспана сатып алуға жіберілді. Бұл жылжымайтын мүлік бағасына қысым көрсетті. 2021 жылдың басынан бастап жаңа тұрғын үй бағасы 11,7%-ға, қайталама тұрғын үй бағасы – 19,5%-ға өсті.

Серіктес жаңалықтары