×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Беларусь-Польша шекарасынан заңсыз өткен Ирак босқындарының тағдыры

18.10.2021, 09:32
Беларусь-Польша шекарасынан заңсыз өткен Ирак босқындарының тағдыры
фото: bbc.com

Заңгер Польша тұрғындарын Беларусь шекарасынан заңсыз өткендерді суықтан қорғауға шақырды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Польша заңгері Камил Силлер елдің шекара бойындағы аудан тұрғындарын көрші Беларусьтен мемлекет шекарасынан өткен заңсыз мигранттарды паналатуға шақырды. Ол бәрін үйлерінде жасыл түсті шам жағып, белгі беруге үндеді. Бұл ретте, жексенбі күні Варшавада мигранттар құқығын қорғауға бағытталған жаппай наразылық акциясы өтті. Ал Польшаның шекара қызметі тек бір күнде шекарадан заңсыз өтудің 500 астам әрекеті тіркелгенін мәлімдеді, дейді bbc.com.

Беларусь шекарасынан бес шақырым қашықтықта тұратын Силлердің айтуынша, көптеген мигрант Польша аумағына өткеннен кейін ұсталып қалмас үшін орманда жасырынады. Ал ауа температурасы нөлден төмен. Соңғы апталарда шекара маңында кем дегенде алты мигрант қаза тапты. Олар негізінен суықтан көз жұмды.

Силлер Фуйсбукте парақ ашып, ағылшын, поляк, француз, араб және күрд тілдерінде босқындарға арналған ақпарат жариялады. Мәліметке сәйкес, олар жасыл түсті шам жанған үйлерден тамақ, медициналық көмек, жылыну және ұялы телефонын қуаттау мүмкіндігін ала алады.

Жергілікті тұрғындар Силлердің өтінішін орындаған-орындамағаны туралы әзірге дерек жоқ. Дегенмен Польша баспасөзі көптеген поляк мигранттарға көмектесуге дайын деп жазып жатыр.