×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Медсақтандыру бәрінде болуы міндетті: Ғиният жүргізуші куәлігін беруге тыйым салу туралы

18.10.2023, 11:42
Sputnik

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медициналық сақтандыруы жоқ азаматтарға кейбір мемлекеттік қызметтерді алуға тыйым салу туралы ұсынысына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол бұл әлемдік тәжірибе екенін атап өтті.

"Министрліктің денсаулыққа байланысты мемлекеттік қызметтерді шектеу туралы ұсынысына келсек, бұл – әлемдік тәжірибе. Егер сіз көлік жүргізу құқығын алғыңыз келсе, бұл үшін барлық дамыған елдерде  медициналық сақтандыру қажет. Біздің елімізде жылына 3000-нан астам адам жол апаттарынан қайтыс болады. Апат көбейді. Жастар, балалар өліп жатыр. Адамдар ауыр жағдайда қалып жатыр. Мұндай жағдайға тап болған адамда медициналық сақтандыру бар ма деп сұрайтын қызметкерге қандай реакция болады деп ойлайсыз? Көмек көрсетіледі. Бірақ медицина қызметкерлеріне адамның сақтандырылған немесе сақтандырылмағанын сұрау оңай деп ойлайсыз ба?  Мұның бәрі денсаулыққа байланысты. Ұсыныс әлі талқыланатын болады. Бірақ медициналық сақтандыруда бәрінде болуы міндетті", - деді министр.

Айта кетейік, жуырда Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов медициналық сақтандыру жүйесін сынап, оған «реформа сəтті іске аспады» деп баға берді.

«Медициналық көмектің сапасынан бұрын біз қазіргі уақытта оның қарапайым қолжетімділігіне зəру болып қалдық. Осыған орай, неге бұл реформа сəтті іске аспады жəне енді не істеу керек деген сұрақтарға жауабымызды беруге тырысайық», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары