×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Тоқаев орыс тіліне қатысты халықаралық ұйым құру туралы шарт жобасын мақұлдады

18.10.2023, 16:42
exclusive.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шартты мақұлдау туралы тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

"Қоса беріліп отырған орыс тіліне қатысты халықаралық ұйым құру туралы шарттың жобасы мақұлдансын. Қазақстан Республикасының атынан орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру туралы шартқа қол қойылсын", - делінген жарлықтың мәтінінде.

Құжатта орыс тілінің Біріккен Ұлттар Ұйымының, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының, Еуразиялық экономикалық одақтың, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ресми немесе жұмыс тілі ретіндегі рөлі және әртүрлі мемлекеттердің халықтары үшін ұлтаралық коммуникацияның негізгі құралы ретіндегі рөлі атап өтіледі.

Ұйымның міндеттері:

  • Орыс тілінде сапалы білім беруді қолдау, "орыс тілі мен әдебиеті" және "орыс тілі шет тілі ретінде" бағыттары бойынша педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлауға және орыс тілін оқыту саласындағы мамандардың кадрлық резервін қалыптастыруға жәрдемдесу;
  • Орыс тілі саласындағы білім беру процесінің, ғылыми зерттеулер мен технологиялық әзірлемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдесу;
  • Классикалық және қазіргі заманғы авторларының әдеби шығармаларын орыс тіліне және орыс тілінен басқа тілге аударуды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
  • Орыс тілін оқыту мен оқытудың перспективалары мен бағыттарын талқылау бойынша халықаралық ғылыми конференциялар өткізу;
  • Халықаралық кітап көрмелерін, орыс тілі бойынша халықаралық диктанттарды, шешендік өнер конкурсын өткізу;
  • "Орыс тілі" және "орыс әдебиеті"оқу пәндері бойынша оқулықтар мен оқу құралдарына сараптама жүргізу бойынша тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;
  • Ұлтаралық қарым-қатынас тілі және коммуникация құралы ретінде орыс тілін қолдау және насихаттау мақсатында шығармашылық жобаларды іске асыруға гранттар алуға конкурстар құру.

Құжатқа Қазақстаннан басқа Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина қол қойды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде тіл мәселесіне жеке тоқталған.

«ТМД кеңістігінде және одан әлдеқайда кеңірек халықаралық ауқымда орыс тілін насихаттау үшін қабылданып жатқан шаралар елдеріміздің ұлттық бірегейлігін нығайту үрдісіне кері әсер етпейді. Қазақстан қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін күшейту саясатын жалғастыра береді», – деді мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары