×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

"Орыс тілі кері әсер етпейді": Тоқаев қазақ тілінің мәртебесін күшейту туралы сөз қозғады

13.10.2023, 16:51
фото: ашық дереккөзден

ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев тіл мәселесіне жеке тоқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Президент ТМД-ға мүше елдер арасындағы көпжақты ықпалдастықта орыс тілі ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

«Биыл ТМД-да «Орыс тілі жылы» деп жариялануының символдық мәні бар. Сонымен қатар біз бүгін Орыс тіліне қатысты халықаралық ұйым құру туралы Шарт пен Жарғыға қол қою жөнінде тарихи шешім қабылдаймыз. Бұл ұйым дербес халықаралық құрылымға айналады, құқық субъектісі ретінде танылады. Жаңа ұйым барлық ел үшін ашық болады. Әрине, бұл – жаһандық гуманитарлық ынтымақтастық тұрғысынан өте өзекті. ТМД кеңістігінде және одан әлдеқайда кеңірек халықаралық ауқымда орыс тілін насихаттау үшін қабылданып жатқан шаралар елдеріміздің ұлттық бірегейлігін нығайту үрдісіне кері әсер етпейді. Қазақстан қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін күшейту саясатын жалғастыра береді», – деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты пікір білдірген. Ол террорлық акцияларды “еш ақтауға келмейтін әрекет” деп бағалады.

Серіктес жаңалықтары