×
450.61
488.91
4.97
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
450.61
488.91
4.97

«Қоғам бәрібір полицияны сынайды»: Вице-министр интернет-алаяқтық неге көбейіп кеткенін түсіндіруге тырысты

20.10.2023, 11:02
Фото: Ашық дереккөзден

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қазақстанда интернет алаяқтық фактілер кейінгі бес жылда бес есе өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, биылдың өзінде интернет-алаяқтықтың 13746 фактісі тіркелген. Соның салдарынан 13,5 мыңнан астам азамат зардап шеккен. Оның 70% - ы қала тұрғындары (9613), қалған 30% - ы ауылды жерлерден (4118).

«Жәбірленушілердің әлеуметтік жағдайы әртүрлі. Олардың арасында бюджет саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер және басқа азаматтар бар. Азаматтарға келтірілген жалпы шығын 11 млрд.355 млн. теңгені құрайды. Қабылданған шаралармен 2,5 мың түрлі интернет-алаяқтық жасауға қатысқан 521 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жәбірленушілерге 523 млн теңге көлемінде залал өтелді», - дейді ол.

Лепеханың айтуынша, интернет-алаяқтардың біршама бөлігі шетелде отырады. Олардың қай елден алдағанын да анықтауы қиын.

«Істерді тергеу қиын. Себебі біршама қылмыс шет елдерден жасалады. Олар хакерлік бағдарламаларды қолданады. Соған қарамастан, біз олармен күресуде белгілі бір тәжірибе жинап келеміз. Былтыр желтоқсан айында ІІМ өткізген іс-шаралардың нәтижесінде Украина аумағында қызметі тек қазақстандық азаматтарға қатысты бағытталған ірі алаяқтық Call-орталықтардың бірінің орналасқан жері анықталды. Украиналық әріптестерімен бірге бұл орталық жойылды. 40 күдікті ұсталды, көптеген компьютерлік және басқа да арнайы заттар тәркіленді. Қазір сарапшылар оларды алдаған қазақстандықтар туралы деректерді алу үшін олардың құлпын ашумен айналысады», - дейді ол.

Лепеха десе де полиция мұндай істе проблемамен бетпе-бет жалғыз қалатынына шағымданады.

«Ауқымды түрде қаншама рет алдын алу жұмыстары жүргізілсе де, азаматтарға абай болу керектігі ескертілсе де, қоғамның бүкіл сынына айналып келіп полиция ұшырайды. Ал аталған проблеманың географиялық және техникалық күрделілігі, сонымен қатар азаматтардың өзінің саналы түрде жауапты болуы көп адамды ойландыра қоймайды», - дейді Лепеха.

Серіктес жаңалықтары