×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Журналиске қарсы іс: Гүлбану Әбенова неге сотқа тартылып жатыр

20.10.2023, 13:15
Журналиске қарсы іс: Гүлбану Әбенова неге сотқа тартылып жатыр
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты белгілі журналист Гүлбану Әбеноваға қатысты істі қарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Неден басталды

Оған қарсы Facebook қолданушысы Марат Тұрымбетов шағым түсірді. Әбенованың айтуынша, ол "Марат Маке" фейк-аккаунтынан оған жала жабатын және беделін түсіретін жазбалар жазған. Сондықтан журналист басқа автордың Тұрымбетов туралы бейнеролигіне сілтеме жасай отырып, оның бизнесмендер тапсырысы бойынша жұмыс істейтіні жайлы өз болжамдарын жазған.

Сот

Гүлбану Әбенованың үстінен ӘҚБтК-нің 73-3-бабы (Жала жабу) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Журналист желіде тек өз пікірімді білдірдім, басқа дереккөздерге сілтеме жасай отырып, болжам жасадым дейді, сондай-ақ, ішкі істер министрлігіне көпшілік алдында сұрақтар қойғанын айтады.

- Сіз менің әрбір сөзімнен ілік іздеп отырсыз. Енді әр сөз үшін сотқа жүгінейік", - деді ол.

Сонымен қатар, жәбірленуші тарап – Марат Тұрымбетов пен оның адвокаты Марат Әйтен соттан қайта психологиялық-филологиялық сараптама тағайындауды сұрады және мұны міндетті түрде Алматыда жасауды талап етті.

Жауапкерлер қайта тексерудің қажеті жоғын алға тартады. Әбенованың өзі талапкерлер сарапшылармен алдын ала келісімге келуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

- Алматыда жасау міндетті емес – басқа да мемлекеттік сараптама орталықтары бар. Мүмкін, олардың арасында қандай да бір келісім бар шығар. Менің сенімім жоқ. Біздің еліміз жемқор, - деді Әбенова.

Судьяның шешімі бойынша іс қараша айының басында жалғасатын болды.