×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Елімізде тағы 455 шақырым жол ақылы болады

20.10.2023, 17:13
фото: ашық дереккөзден

Елімізде Шымкент – Самара автомобиль жолының Қызылорда – Арал (Ақтөбе облысының шекарасы) бөлігін ақылы ету жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы көлік министрі бұйрығының жобасында айтылған.

Шымкент – Самара автомобиль жолы ІІ санатты жолға жатады. Жол 20 жыл бойы ақылы болады деп белгіленген. 

Құжат жобасына сәйкес, жеңіл көліктер (16 және одан аз орындық) толық 455 шақырымды құрайтын жолды жүргені үшін 0,66 АЕК мөлшерінде ақы төлейді. 

  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері – 1,318 АЕК. 
  • 32 орыннан асатын автобустар және автопойыздардың жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 1,978 АЕК. 
  • Жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 2,637 АЕК. 
  • Жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары, оның ішінде тіркелгіш, ершікті тартқыштары бар – 3,296 АЕК. 

Сондай-ақ, бір айлық не бір жылдық төлем жасауға болады.  Бір айлық абоненттік төлем 1-5 АЕК аралығын құраса, бір жылдық абоненттік төлем 12-60 АЕК аралығын құрайды. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Көлік министрі Марат Қарабаев елімізде ақылы жолдар жүйесіне қатысты өзгерістерді жариялаған.

Серіктес жаңалықтары