«Манчестер Юнайтед» клубының аты аңызға айналған футболшысы, Англия құрамасымен бірге әлем чемпионы атанған, 1966 жылғы «Алтын доп» иегері сэр Бобби Чарльтон 87 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Манчестер Юнайтед клуб ұжымы өз тарихындағы ең ұлы және ең сүйікті ойыншылардың бірі сэр Бобби Чарлтонның қайтыс болуына байланысты оның отбасына қайғырып, көңіл айтты. Оны тек Манчестерде немесе Ұлыбританияда ғана емес, бүкіл әлемде миллиондаған адам таныған. Ол өзінің спорттық шеберлігімен, адалдығымен ғана емес, футболшы ретіндегі тамаша қасиеттерімен де тәнті етті.
«Сэр Бобби әрқашан ойынның алыбы ретінде есте қалады», - делінген хабарламада.
Чарльтон Манчестер Юнайтедте 17 жылын өткізді. Команда капитаны болды. Ол 758 кездесу өткізіп, 249 гол соғып, Еуропа кубогын, үш лига чемпионы және Англия кубогын жеңіп алды.
Англия құрамасы үшін 106 ойынға қатысып, 49 гол соғып, 1966 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алды. Чарльтон 1966 жылғы «Алтын доп» иегері атанған.
Зейнетке шыққаннан кейін ол Манчестер Юнайтедте 39 жыл директор болып жұмыс істеді.
2020 жылдың қарашасында Чарльтонға деменция диагнозы қойылған.