×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Бізге Газаға жол ашық болғаны керек»: ДДСҰ басшысы Астанада Израильге үндеу тастады

24.10.2023, 10:03
Коллаж: ulysmedia.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус Астанада өтіп жатқан халықаралық медициналық конференцияда Израильді Газа секторында электр мен судың жеткізілуін бөгемеуге шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Израиль мен Палестинаның оккупацияланған аумағындағы зорлық-зомбылық бәрімізді шошытты. ХАМАС пен өзге де қарулы топтардың 7 қазандағы Израильдің азаматтық тұлғаларына қарсы шабуылы аса қорқынышты әрі ақтауға келмейтін әрекет болды. Біз оларды қатты жазғырамыз. Сонымен бірге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газадағы бомбалау мен басқыншылықтан зардап шегіп жатқан бейбіт халықтың денсаулығы мен амандығына алаңдаулы», - деді Тедрос Гебрейесус.

Гебрейесус ұйым Мысыр арқылы Газаға гуманитарлық көмекті алғашқылардың бірі болып жеткізгенін атап өтеді. Бұл жақсы бастама екенін, алайда жеткіліксіз екенін ескертеді.

«Бізге Газаға жол ашық болғаны керек. Бізге гуманитарлық көмектің тұрақты ағыны керек. Мен БҰҰ  бас хатшысының гуманитарлық мақсат үшін атысты тоқтату туралы үндеуін қолдаймын. Мен Газада ХАМАС пен өзге де қаруланған топтардың қолына түскен тұтқындарды кешіктірмей босатуға шақырамын. Олардың ішінде балалар мен шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдар бар.  Мен Израиль мен ХАМАС-ты халықаралық құқық аясында алған міндеттемелерді ұстанып, бейбіт халықты қорғауға, оларды материалдық көмекпен қамтамасыз етуге шақырамын. Израильді Газаға электр қуатын, су мен жанармай  жеткізуді қалпына келтіруге шақырамын», - деді ДДСҰ бас директоры.

Серіктес жаңалықтары