×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бұл қызмет лицензияланбаған – Бас санитар дезинфекциядан уланған балалардың өлімі жайлы

24.10.2023, 10:17
Бұл қызмет лицензияланбаған – Бас санитар дезинфекциядан уланған балалардың өлімі жайлы
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ақтауда үйді дезинфекциялаудың салдары алдын ала мәлімет бойынша екі баланың өліміне апарып соққан. Денсаулық сақтау министрлігі осындай қайғылы жайттарға жол бермес үшін дезинфекция қызметін көрсететін кәсіп иелерін жаппай лизензиялағалы жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Ақтаудағы көп қабатты үйдің 9-шы қабатында орналасқан пәтерде екі баланың денесі табылған болатын. Полиция департаменті оқиғаны растаған. Жедел-тергеу тобының мәліметінше, ол пәтерден бір қабат төмен тұратын пәтердің иесі қандаладан құтылу үшін үйіне дезинфекция заттарын шашқан. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар содан уланған болуы мүмкін. Ал уланған үйдегі үш ересек адам ауруханаға түскен.

Ulysmedia.kz тілшісі осы оқиға бойынша Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетоваға сұрақ қойған.

«Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір біздің қолдағы мәліметтерге қарағанда, балалар дезинфекция құралдарынан уланған. Бұл - құрт-құмырсқаларға қарсы улағыш. Бірақ бұл тек алдын ала мәлімет. Дезинфекция жүргізген үй иесінің сөзіне сүйенсек, ол таблетканы сатып алған, оның бірақ атауын да білмеген. Ол таблетканы үйдің бұрыш-бұрышына шашып, үйдегілерді алып, кетіп қалған. Дезинфекция заттарынан бөлініп шыққан кезде бұл бөлінді вентиляция арқылы үстіңгі қабаттағы үйге тараған. Солайша, үстіңгі үйдегі отбасы уланған», - дейді Айжан Есмағамбетова.

Есмағамбетованың сөзінше, бұл жалпы елдегі бірінші жағдай емес. Қазір кез келген адам өкінішке қарай, сондай дезинфекция заттарын сатып алып, үйлеріне шаша алады. Бұл мәселе заңмен реттелмеген.

«Бұрын бұл қызмет лицензияланатын. Сол себепті біз қауіпсіздік заңы шеңберінде мәселені реттеп, дезинфекция қызметін көрсететін жеке азаматтар бәрі лиценция алуға міндеттеледі. Бұл жағдайда үй иесі дезинфекция заттарын қалай пайдалануды білмеген. Ал бұл – у. Ол алдын ала сақтанбай, препаратты білмей, арты осындай қайғылы жайтпен аяқталып отыр», - дейді ол.