×
459.46
495.71
4.93
#Қаңтар оқиғасы #қаңтар қақтығысы #сайлау #жемқорлық #тағайындау
459.46
495.71
4.93

Ердоған Швецияның НАТО-ға кіруін қолдады

24.10.2023, 12:56
фото: ашық дереккөзден

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Швецияның НАТО-ға кіретіні туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Түркия президенті әкімшілігінің хабарлауынша, енді құжатты Түркияның парламенті бекітуі тиіс.

"2023 жылдың 23 қазанында Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттамаға президент Режеп Тайип Ердоған қол қойып, құжат Түркияның Ұлы ұлттық жиналысының қарауына жіберілді", - делінген хабарламада.

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркия басшысының бұл қадамына қолдау білдірді.

"Президент Ердоғанмен кездесуде айтып өткенімдей, бұл бүтін Альянсты қуатты әрі қауіпсіз ете түседі", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүше болуын қолдамай келген.

Серіктес жаңалықтары