Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Сейсенбі, 24 қарашада Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклондар өтеді. Елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр мен қар жауады. Шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлердің кей жерінде жауын-шашын мол түседі.
Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі.
Ауа температурасы бұрынғы деңгейде сақталады. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде күн жылып, температура +15…+25 градусқа дейін көтеріледі.