АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл 84 жасында коронавируспен ауыру салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ТАСС-тың мәліметінше, бұл туралы ақпаратты оның отбасы жариялаған.
«Бұрынғы Мемлекеттік хатшы және АҚШ Қарулы Күштері Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы Колин Пауэлл бүгін таңертең COVID-19 асқынуынан қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Отбасы мүшелерінің айтуларынша, ол коронавирусқа қарсы вакина ектірген. Соңғы уақытта Мэриленд штатындағы медициналық орталықта ем қабылдаған.
Колин Пауэлл — АҚШ-тағы танымал мемлекет қайраткерлерінің бірі. 2001-2005 жылдары Пауэлл кіші Джордж Буш жанындағы мемлекеттік департаментті басқарған.