×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Шетелдіктерді шығарып жатқан жоқ»: Газа секторында қанша қазақстандық қамалып отыр

26.10.2023, 11:31
Коллаж: Ulysmedia.kz

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Қазақстан азаматтарын Газа секторынан шығару мәселесі бойынша келіссөз жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, еліміздің дипломатиялық өкілдігі Газа секторындағы қазақстандықтармен байланыста. Омаров қақтығыс аймағынан азаматтарды шығарудың жалғыз жолы бар екенін айтты –  Газада және ішінара Египет аумағында орналасқан Рафах қаласы арқылы. Алайда қазір қала арқылы шетелдіктердің ешқайсын шығарып жатқан жоқ.

«Осы аумақтан азаматтарымызды аман-есен шығарып алу мақсатында Мысыр үкіметімен де және басқа да ресми тұлғалармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Қазір 45 мемлекет өз азаматтарын шығарып алуға талпынып отыр. Әзірге, бірде-бір шетел азаматы Газадан шыға алмады», - деді вице-министр Сенат кулуарында.

Омаров Газа секторындағы жағдай өте күрделі екенін айтып, ондағы қазақстандықтар туралы мәлімет жинау қиындық тудырып отырғанын жеткізді.

«Қақтығыс аумағында еліміздің нақты неше азаматы қалғаны туралы мәліметті анықтап жатырмыз. Байланысқа шықпай жатқандары да бар және бұған дейін аты аталмаған басқа адамдар да анықталып отыр. Қазір нақты адам санын айту мүмкін болмай тұр. Өткізу бекеті ашылып, азаматтарды шығарып алсақ, олардың азаматтығын анықтайтын боламыз», – деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын Газа секторында Қазақстан азаматы қаза тапқаны хабарланған.

16 қазандағы брифингте СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағында Қазақстанның 67 азаматы, олардың отбасы мүшелерін қосқанда 100-ден астам адам табылғанын мәлім еткен.

Серіктес жаңалықтары