×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Газа секторында қанша қазақстандық қалып қойғаны белгілі болды

16.10.2023, 16:32
REUTERS

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте Газа секторындағы қазақстандықтар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресми өкілдің сөзінше, Қазақстанның Мысыр мен Иорданиядағы елшілігі соғыс ошағында қалған азаматтарымызбен байланыста.

"Жергілікті билікпен, отандастарымызбен олардың отбасы мүшелерін Газа секторынан Египеттегі Рафах өткізу пункті арқылы шығару бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қолда бар ақпаратқа сай, Қазақстанның 67 азаматы, олардың отбасы мүшелерін қосқанда 100-ден астам адам табылды. Қазақстаннан басқа да тағы 45 елдің елшілігі осындай келіссөз жүргізіп жатыр. Кейбір отандастарымыздың құжаттары жоқ”, – деді Айбек Смадияров.

Министрлік өкілі еліміздің азаматтарының қазіргі орналасқан жері бойынша мониторинг жүргізіп,  байланыс үшін өзекті деректер тұрақты түрде жаңартылып отыратынын атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандықтар арасында қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәлімет тіркелмеген. 

Айта кетейік, бұдан бұрын әлеуметтік желіде Израильге ХАМАС әскерінің шабуылынан кейін жоғалған және қаза тапқан шетел азаматтарының саны көрсетілген инфографика тарады. Оның ішінде “Қазақстаннан 1 адам жоғалған” деп көрсетілген. Алайда СІМ бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Серіктес жаңалықтары