×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстанда балалардың банк картасын пайдалану ережесі қатаңдатылады

26.10.2023, 16:26
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық банк Қазақстанда балалардың банк карталарын пайдалануға шектеулер енгізу ұсынылып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық банк кәмелетке толмаған ел азаматтарының шетелде және Қазақстан аумағында пайдалана алатын ең жоғары сомасын анықтады.

Қазақстанда бұл сома 100 мың теңгені, шетелде 500 000 теңгені құрайды. Банкоматтардан балалар күніне 10 мың теңге ғана ала алады.

Бұл ретте кәмелетке толмағандардың картасын олардың заңды өкілдері ғана толықтыра алады. Олар балаларға қандай карта операциялары қолжетімді болатынын анықтайды.

Еске сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Ұлттық қордан балаларға ақша бөлуді көздейтін заң жобасы Сенатта айналып, Мәжіліске қайта жолданған еді. Мәжіліс депутаттары құжатқа сенаторлар енгізген түзетулермен келісті.

Бүгін Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков "Ұлттық қор - балаларға" жобасы аясындағы алғашқы ақша балалардың шотына 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап түсетінін мәлімдеді.

Жуырда Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов "Ұлттық қор - балаларға" жобасының қалай іске асырылатынын түсіндірген. Оның айтуынша, бейінді мемлекеттік органдар балалардың жеке шоттарына қаражат аударуға 100% дайын.

"2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз зейнетақы аударымдары ретінде аударамыз. Кірістер әр баланың жеке шотына түседі. Ол 18 жасқа толғаннан кейін бұл ақша оған төленеді. Есеп доллармен жүргізіледі, біз балалардың жинақтарын 18 жыл ішінде ықтимал құнсызданудан сақтағымыз келеді. Ол 18 жасқа толғаннан кейін қаражатты теңгемен алады", - деді Сүлейменов.

Серіктес жаңалықтары