×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Отанында орын жоқ: Мәсімовтің көмекшісі азаматтығын ауыстырғалы жатыр

27.10.2023, 09:19
Отанында орын жоқ: Мәсімовтің көмекшісі азаматтығын ауыстырғалы жатыр
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қаңтар оқиғаларынан кейін 18 жылға бас бостандығынан айырылған Қазақстан ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің көмекшісі Ербол Орынбаев азаматтығын ауыстырмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz дереккөздерінің мәліметінше, Орынбаев қазір АҚШ-та жүр. Жалғанды жалпағынан кешіп жүрген ол Америка азаматтығын алу үшін құжаттарын тапсырып қойған.

Мәсімовтің “жымысқы” ойларының көбін Ербол Орынбаев жүзеге асырғаны туралы ақпарат бар. Сонымен қатар, бір кездері ол президент Назарбаевтың көмекшісі болған және вице-премьер қызметін атқарған.

Бұдан басқа, ол Қазақстан Ұлттық банкінің, Қаржы нарықтарын реттеу агенттігінің басқарма мүшесі болған. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ және басқа да ірі компаниялар мен коммерциялық емес ұйымдар басшылығының құрамына кірген.

Еске салайық, 2023 жылдың 24 сәуірінде сот Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, билікті басып алуды насихаттағаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленді және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.