×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Жылдық табысы 40 млн теңгеден асатындарға салынатын салық қалай көбейеді

27.10.2023, 11:02
Коллаж: Ulysmedia.kz

Салық табысы жақсы азаматтарға қалай салынатынын Сенаттағы үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров түсіндіріп берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бізде 5-тен 20 пайызға дейін прогрессивті салық салудың төрт сатылы жүйесі болған. Дәл осы жерде біз 10 пайыздық бірыңғай шкаланы қалдырғалы отырмыз. Оған қосымша 15 пайыздық прогрессивті салық салынады. Оның көлемі жылына 480 ең төменгі айлық көрсеткіші көлемінде болады. Бұл шамамен 40 млн теңге. Егер одан артық болса, яғни, 50 млн теңге тапса, 10 млн теңгеден артық табысына 15 пайыз төлейді.  Бұл халықтың аз бөлігін ғана қамтиды және көлеңкелі экономиканың артуына түрткі болмайды», - дейді Қуантыров.

Қуантыров сән-салтанат салығы негізінен мүлікке салынатынын айтады. Оған бағасы қымбат көлік құралдары, жеке меншіктегі ұшу аппараттары, қымбат жылжымайтын мүлік нысандары енеді. Министр сән-салтанат салығы қымбат мүлік тұтынушыларға ғана бағытталатынын атап өтеді.

Серіктес жаңалықтары