×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Алыпсатарлық фактор жоқ: Сәтқалиев бензиннің қымбаттауына не әсер ететінін айтты

27.10.2023, 16:22
Алыпсатарлық фактор жоқ: Сәтқалиев бензиннің қымбаттауына не әсер ететінін айтты
Коллаж: Ulysmedia.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елдегі жанар-жағармай бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр бензин бағасын белгілегенде екі фактор – сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы ескерілетінін айтты.

"Осыған байланысты жағдай теңдестірілген. Қазақстанда бұл АИ-95 пен АИ-92-нің қажетті көлемі толық өндіріледі. Өндірісті ескергенде біз ішкі тұтынуды толығымен жабамыз және ішкі нарықты қамтамасыз етеміз. Бензин бағасының өсуіне ешқандай алыпсатарлық фактор жоқ. Сонымен қатар, бір ай бойы Атырау МӨЗ жөндеуден өтті. Қазір іске қосу операциялары басталды. 2 қараша күні Атырау МӨЗ іске қосылады. Мұнай өнімдерін тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуге қатысты жағдай одан да тұрақты әрі сенімді болады", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Ведомство басшысы елде дизель отынының көлемі де жеткілікті екенін атап өтті.

"Ішкі нарықта дизель отынының профицитін болжаймыз. Екінші аспект мемлекеттік реттеумен байланысты. Мұнай өнімдерінің реттелетін түрлері бар. Олар қатаң бақылауға ие- шекті бағадан жоғары, баға өспейді. Бірақ реттелмеген баға да бар. Онда бағаны анықтайтын фактор ішкі өнімдер мен іргелес мемлекеттерден импортталатын арақатынас болады. Егер импорт көлемі жоғары болса, мұнай өнімдерінің бағасы да жоғары болады", - деді министр.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан бензин импортын 101 есе ұлғайтқаны хабарланған. Бірінші кредиттік бюро сарапшыларының дерегінше, биылғы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстанға 6087 тонна отын әкелінді. 2022 жылдың дәл осы кезеңінде 60,4 тонна бензин импортталған.

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Шымкент МӨЗ қазір АИ-95 маркалы бензинді өзінің қуатынан 50 пайыз кем өндіріп отыр. Ол қараша айында Шымкенттегі зауыт толық қуатта өнідіріске кірісетініне сендірді.

Бұдан бұрын Сәтқалиев Қазақстан Қытай мен Түркіменстаннан жанармай импорттауы мүмкін екенін мәлімдеген.