×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Допинг дауы: Қазақстанның жеңіл атлетикадан алғашқы әлем чемпионы толық ақталды

30.10.2023, 16:24
kazsports.kz

Қазақстанның жеңіл атлетикадан алғашқы әлем чемпионы Нору Джеруто допинг ісі бойынша толығымен ақталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Аltay athletics клубы мәлімдеді.

«Сіздерге тамаша жаңалықты бөліскіміз келеді. 2023 жылдың сәуірінде допинг қолданды деп айып тағылып, барлық жарыстардан шеттетілген клубымыздың спортшысы Тануи Нора Джерутодан барлық күдік алынды», - делінген клубтың желідегі парақшасында.

Нора Джеруто – жеңіл атлетикадан 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Қазақстанның алғашқы әлем чемпионы. Ол жеке нәтиже бойынша 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден дүниежүзінде үздік үштікте.

Спортшы Кенияда дүниеге келген. Қазақстан азаматтығын 2018 жылы алған. 2022 жылы әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Серіктес жаңалықтары