×
$
444.4
€
488.97
₽
5.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.4
€
488.97
₽
5.39

«Теңіз» шарты, вольфрам жобасы және Nvidia кейсі. АҚШ елшісімен сұқбат

Бүгін, 21:00

Вашингтон Қазақстаннан не күтеді? Теңіз келісімшартында ұлттық мүдде қаншалықты ескеріледі? Қазақстан АҚШ-тан әскери техника сатып ала ма? Америка үшін Орталық Азияның маңызы қандай?

Ulysmedia бас редакторы Самал Ибраева АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтпен екі елдің қарым-қатынасы, инвестиция, қауіпсіздік және адам құқықтары туралы ашық сұхбат құрды.

Әлемдік саясат өзгеріп жатқан тұста Қазақстанның экономикалық дербестігін сақтауы, серіктестерін көбейтуі және халықаралық келісімдерде өз мүддесін қорғауы маңызды. Америкалық инвестициялар елімізге қаржымен бірге технология, өндіріс пен жаңа мүмкіндіктер әкеле ме? Жобалардың пайдасын Қазақстан азаматтары қаншалықты көреді? Сұхбатта осы сұрақтарды көтердік.

Бұл шығарылымда:

Трамп, Тоқаев және G20

Екі президенттің қарым-қатынасы Қазақстан–АҚШ байланысына қалай әсер етіп отыр?  Майамидегі саммиттен не күтуге болады? АҚШ-тағы саяси өзгерістер Вашингтонның Астанаға қатысты бағытын өзгерте ме?

Вольфрам және маңызды минералдар

Cove Capital жобасы Қазақстанға не береді? Табиғи ресурстарды өндірумен қатар, ел ішінде өңдеу өндірісін дамыту қаншалықты маңызды? Америкалық инвесторлармен серіктестік Қазақстанның шикізат нарығындағы мүмкіндігін кеңейте ала ма?

Теңіз және ұлттық мүдде

Мұнай жобасына қатысты келіссөздерде Қазақстанның мүддесі қалай қорғалады? Әділ келісімшарт қандай болуы керек? Елші АҚШ үкіметінің жеке компаниялар жүргізетін келіссөздерге қатысы жөнінде жауап берді.

Инвесторлар қоятын сұрақтар

Америкалық бизнес Қазақстанға келмес бұрын сот жүйесі, құқық қорғау органдары және салық мәселелері туралы нені білгісі келеді? Жаңа инвестиция тартуда сенім мен заң үстемдігінің рөлі қандай?

Әскери ынтымақтастық және санкциялар.

Қазақстан АҚШ-тан әскери техника сатып ала ала ма? Қандай келіссөздер жүріп жатыр? Ресейге қатысты санкциялардың сақталуын Вашингтон қалай бағалайды?

NVIDIA және Қазақстанның технологиялық болашағы

Америкалық технологиялық компаниялар Қазақстанға неге қызығушылық танытып отыр? Екібастұздағы деректер орталықтары мен цифрлық жобалардың келешегі қандай? Елші NVIDIA-мен серіктестіктің жалғасуына қатысты пікірін білдірді.

Украинадағы соғыс және бейбіт келіссөздер

Жабық есік жағдайындағы дипломатия қалай жүреді? Соғысты тоқтатуға бағытталған бастамаларға Қазақстан қандай үлес қоса алады?

Адам құқықтары және тәуелсіз журналистика

АҚШ үшін сөз бостандығы мен әділ сот мәселелері әлі де басымдық па? Қазақстандағы тәуелсіз медианы қолдау жалғаса ма? Елшілік билікпен қандай мәселелерді талқылайды?

Орталық Азия және C5+1

Марко Рубионың өңірге сапарының мәні неде? Вашингтон Қазақстанды аймақтық саясат аясында қалай қабылдайды? АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғаларының Қазақстанға сапары болуы мүмкін бе?

Қазақ тіліне құрмет

Джули Стаффт қазақ тілін қалай үйреніп жүр? Елші мемлекеттік тілдің қолданысы мен ағылшын тілін оқыту туралы ойын бөлісті.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia You-Tube-арнасынан көріңіздер.

Сізге қызық болуы мүмкін