×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Бір кредитті екіншісімен жабады: екі министрге халықтың қаржылық сауатын арттыру жүктелді

31.10.2023, 10:35
Коллаж: Ulysmedia.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы төмен екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Халықтың шамадан тыс кредит алуы үлкен әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып барады. Биыл 1-ші қыркүйектегі жағдай бойынша банктердің тұтыну кредиттерінің портфелі 9,2 трлн теңгені құраған. Бұл орайда бір қарыз алушыға шаққандағы берешектің орташа мөлшері шамамен 1,5 млн теңгені, ал проблемалық тұтыну кредиттері бойынша 1 млн теңгені құрайды. Кейбір азаматтар мерзімі өтіп кеткен кредиттерін жабу үшін одан да жоғары пайызбен жаңа кредиттер алады. Осылайша шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен бата береді. Ал банк кредит беруден бас тартқан жағдайда олар пайыздық үстемесі өте жоғары микроқаржы ұйымдарына жүгінеді", - деді үкімет басшысы.

Премьер-министр адамдардың қарызға белшеден батуына қаржылық сауатсыздық себеп болып отырғанын айтты.

«Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін Оқу-ағарту министрлігі оқу бағдарламалары шеңберінде қаржылық сауаттылық курстарын енгізу мәселесін пысықтауы керек. Ғылым министрлігі бұл мәселелерді жоғары оқу орындарымен бірге қарауы тиіс. Кәмелетке толған жастар өздерінің қаржылық мүмкіндіктерін қалай дұрыс есептеу керектігін, кредитті қалай және қандай кредит алу керектігін нақты түсінуі керек. Мұндай тәжірибе көптеген елдерде бар», - деді Смайылов.

Оның айтуынша, халықтың шамадан тыс кредит алу проблемасын шешу құралдарының бірі – азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы институты.

«Бүгінгі таңда 6 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды. Сонымен бірге борышкерлердің бәрінде бірдей банкроттық рәсімін пайдалану мүмкіндігі жоқ. Проблемалық қарыз алушыларды көбірек қамту үшін Қаржы министрлігі осы жылдың соңына дейін құжаттар беруді оңайлату және соттан тыс банкроттықты қолдану рәсімін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Бірақ адамдарда «банкрот болсақ, қарызды жаба салады екен» деген қате түсінік болмауы тиіс.

Бұл – үлкен жауапкершілігі мен белгілі бір шектеулері бар маңызды қадам», - деді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов банктерден шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен батып отырған азаматтардың саны артқанын мәлімдеген.

Қошанов келтірген мәліметке қарағанда, қазіргі уақытта халықтың 84 пайызында, яғни 8,4  миллионнан астам адамның қарызы бар екен. Соңғы бір жарым жыл ішінде бұл көрсеткіш 27 пайызға өскен. 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі – шамамен 1,4 трлн теңге. Яғни, 1,7 миллион адам қарызын уақытылы төлей алмай отыр деген сөз. Осының бәрі несие проблемасының қаншалықты асқынып кеткенін көрсетеді.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, халықтың қарызға белшеден батуы ауыр зардаптарға әкелуде. Мәселен, биыл несиесін өтей алмаған 12 адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Серіктес жаңалықтары