Бүгін ақпараттық порталдардың бірі елордадағы №76 мектепте оқушы сыныптасын «қаламсап сұғып» өлтірді деген ақпарат таратқан болатын. Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Аталмыш қайғылы оқиға осыдан 7 жыл бұрын елордадағы мектептердің бірінде тіркелген. Қылмыс жасаған жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылған», - деп хабарлады полиция департаментінен.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарды жалған ақпаратты таратпауға, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады.