×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Кеншілер шығын материалы болды ма: Дүйсенова АМТ-да еңбек қауіпсіздігі жайлы айтты

31.10.2023, 11:52
фото: ашық дереккөзден

Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова осы жылдар ішінде "АрселорМиталл Теміртау" кәсіпорындарында еңбекті қорғау шарттары қадағаланбағанды деген уәжбен келіспеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкіметтегі брифинг барысында БАҚ өкілдері Дүйсеновадан АМТ үшін кеншілер "шығын материалы" екенін және олардың еңбек жағдайларының қауіпсіздігін ешкім қадағаламағанын үкімет мойындауға дайын ба деп сұрады.

"Мен мүлдем келіспеймін. Тиісті тексерулер болды. Бас прокуратурамен бірлесіп жұмыс істеген комиссиялар болды. Бұл қауіпсіздік мәселелері бойынша өзіндік ерекшелігі бар зиянды өндіріс. Көптеген проблемалар болды, инспекция осы жылдар бойы нұсқаулықтар берді. Жұмыс жүргізілді, бірақ өкінішке қарай, нұсқаулықтардың орындалуы осындай нәтижеге әкелді", – деді вице-премьер.

Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов соңғы үш жылда компанияға 500-ден астам бұзушылық үшін 3 млн теңгеге айыппұл, сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсарту үшін ұйғарымдар түрінде 50 млрд теңгеге айыппұл салынғанын мәлім етті.

Өз кезегінде ТЖМ басшысы 46 кеншінің қаза тапқаны үшін жеке жауапкершілікке тартылуы тиіс адамдардың есімдерін атай алмады. Ол комиссия жұмысының қорытындысын күту қажеттігін айтты.

Еске салайық, 28 қазанға қараған түні «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жарылыс болды. Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші жер бетіне шықты, қалғандары жер астында қалып қойды.

Қазақстан президенті Тоқаев «АрселорМиттал Теміртаумен» ынтымақтастықты тоқтатуды бұйырды. Қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ, үкіметтің «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала келісімге келгені және кәсіпорынды Қазақстанның пайдасына меншік құқығына беру жөніндегі мәміленің аяқталып жатқаны хабарланды.

Қарағанды ​​облысына барып, марқұм кеншілердің туыстарымен кездескен Тоқаев 29 қазанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Сонымен қатар, президент «АрселорМиттал Теміртау» біздің тарихымыздағы ең нашар компания екенін атап өтті.

Қайғылы оқиғадан соң Қазақстанда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ инвесторы Лакшми Миттал мен басқарушы Палаватху Кришнанды "қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қасақана әрекетсіздігі" үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін петицияға қол жинау басталды.

Белгілі экономист, 2022 жылы президенттікке үміткер болған Мейрам Қажыкен билік Костенко шахтасындағы апатқа бар кінәні "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының акционері Лакшми Митталға жауып отырғанын, ал шын мәнінде кеншілердің өліміне 90% үкіметтің өзі кінәлі екенін мәлімдеді. Алайда премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметті ақтап, жауапкершілікті кәсіпорын басшылығына ысырды.

Серіктес жаңалықтары