×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстандықтар 523 млн теңге құйған: атышулы қаржы пирамидасының ісі сотқа жетті

01.11.2023, 09:03
фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстары бойынша «Chia Tai Tianging Pharmaceutical» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырды деген күдіктіге қатысты іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржы мониторингі агентітігінің мәліметінше, күдіктілер өздерін инвестициялық компания ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты кірісті уәде еткен.

«Бұл ретте, «Chia Tai Tianging Pharmaceutical» жеке тұлғалардың ақшасын тартып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, оларды қатысушылар арасында қайта бөлген. Жалпы тартылған салымшылардың саны 425 адам, 523 млн теңге сомасына, оның ішінде 490 млн теңгеге жуық сомаға 411 азамат жәбірленуші деп танылды», - делінген хабарламада.

ҚМА өкілдері азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Айта кетейік, бұдан бұрын Астанада қаржы пирамидасын құрғандар аңқау жұрттың 250 млн теңгесін қалтаға басқан еді.

Серіктес жаңалықтары