×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Халықтың зейнетақы жинақтары банктердің ұзақ мерзімді облигацияларына салынады

01.11.2023, 09:31
фото: ашық дереккөзден

Бұл ретте банктер үшін бизнесті кредиттеу бойынша белгілі бір талаптар мен міндеттемелер белгіленеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық Банк басшысы Тимур Сүлейменов депутаттардың сауалына берген жауабында Қазақстанда БЖЗҚ зейнетақы активтерін банктердің ұзақ мерзімді облигацияларына инвестициялау мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеді.

"Аталған қаражат тек нақты секторды кредиттеуге бағытталатын болады, бұл экономиканы әртараптандыруға және өсіруге ықпал ететін болады. Экономиканы кредиттеудің орнықты өсу факторларының бірі банктерге "ұзақ" жобаларды ұзақ мерзімді жоспарлауды және қаржыландыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін банктерді қорландырудың тұрақты көздерін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау болып табылады", - деді Сүлейменов.

Айта кетейік, бұдан бұрын халықтың зейнетақы қорындағы 333 млрд теңгесі 13 елдің бағалы қағаздарына салынғаны хабарланған.

Сондай-ақ, қанша қазақстандық зейнетақы жинақтарын емделуге жұмсағаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары