×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қанша қазақстандық зейнетақы жинақтарын емделуге жұмсағаны белгілі болды

31.08.2023, 13:16

Мемлекет зейнетақы бағдарламасына 3 триллион теңгеден астам қаржы жұмсаған. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"1 миллионнан астам адам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге пайдалану құқығын пайдаланды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әйелдердің зейнеткерлік жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып белгіленді. Осыған байланысты қосымша шығындар 800 млрд теңгеден астам соманы құрайды", – деді премьер-министр Amanat партиясының депутаттары алдында сөйлеген сөзінде.

Ол биылғы жылы азаматтарға зейнетақы жинақтарын басқару құқығы берілгенін атап өтті

 

"Салымшылар өз бетінше таңдаған жеке басқарушы компанияларға жинақталған зейнетақы қаражатының 50 пайызын аудара алады", – деді Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтардың 9,8 млрд теңге көлеміндегі зейнетақы жинағы жеке компанияларға берілгені хабарланған.

Серіктес жаңалықтары