×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Азаматтарға арналған үкімет» филиалындағы заңсыздықтар: тергеу басталды

02.11.2023, 10:25
«Азаматтарға арналған үкімет» филиалындағы заңсыздықтар: тергеу басталды
көрнекі фото

ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ филиалында заңсыз әрекеттің жолын кесу бойынша тергеу-жедел іс-шаралар кешенін жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тергеу нұсқасы бойынша, қаскүнемдер жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке иелік ету тарихын өзгерту арқылы «жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесінде заңсыз модификациялау бойынша жұмыстар жүргізген.

Қылмыстық кодекстің 206-бабының 2-бөлігі (ақпаратты сыйымсыз жою немесе түрлендіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Еске салайық, 10 наурызда ҚМА қызметкерлері корпорацияның экс-басшысы Әбділдиннің,оның орынбасарлары мен аппарат басшысының кабинеттерінде тінту жүргізді. Олардан жұмыс компьютерлері тәркіленді. ҚК-нің 189-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалғаны хабарланды.

Соған қарамастан цифрлық даму министрі Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" басшысы қызметінде қалатынын мәлімдеген.

Алайда жуырда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жаңа басшы тағайындалды.