"Арқалық-Торғай" тас жолында балалар мінген "Газ 322131-288" маркалы автокөлігі өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға бүгін сағат 09:09-да Мирное ауылынан 15 км қашықтықта болған.
"IQanat" олимпиадасына қатысу үшін оқытушылар 90 баланы төрт көлікпен алып бара жатқаны белгілі болды.
“Жүргізуші мен оқытушылардың үйлесімді және дұрыс әрекеттерінің арқасында 12 оқушы, 1 жүргізуші, 1 оқытушы жанып жатқан Газельден эвакуацияланды және қалған 3 көлікке көшіп, колонна құрамында жүруді жалғастырды”, – делінген хабарламада.
Өрт 10 сағат 25 минутта ауыздықталған.
Мамандардың айтуынша, өртке автомобильдің электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда жол апатынан қаза тапқан балалар саны күрт көбейгенін хабарлағанбыз. ІІМ мәліметінше, тоғыз ай ішінде жол апатынан 210 бала көз жұмған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп.