×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шұрық тесік жолдарды жөндеу үшін Қазақстан халықаралық банктен қарыз алады

03.11.2023, 13:19
Шұрық тесік жолдарды жөндеу үшін Қазақстан халықаралық банктен қарыз алады
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстандағы сапасы сын көтермейтін жолдарды жөндеу үшін 2 трлн теңгеден астам қаржы керек. Қажетті қаражаттың бір бөлігін Еуразиялық даму банкінен алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ өкілдері және өңір әкімдерімен өткен кеңесте көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

«Еліміздің автожол саласын дамыту шеңберінде 4,7 мың шақырым республикалық желі бойынша басымдық берілген жобалар айқындалды, онда халықаралық қаржы институттары есебінен қаржыландыру көздері пысықталып жатыр», – деді министр.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы республикалық жолдар желісінде Ақтөбе-Ұлғайсын-Қызылорда (І техникалық санат), Қарағанды-Жезқазған (I, II санат), «Сарыағаш қаласын айналып өту» (І санат) жобаларын бастау жоспарланып отыр. 2025-2026 жылдарға Атырау-Доссор (І санат) және Астана-Қостанай-Ресей Федерациясының шекарасы (І санат) жобалары жоспарланған. 

Ал 2026 жылға Павлодар-РФ шекарасы (ІІ санат), Семей-Ресей Федерациясының шекарасы (Барнауылда (ІІ санат), Атырау-Орал (І санат), Бейнеу-Шалқар-Ырғыз (ІІ санат), Жаңаөзен-Кендірлі тасжолы (ІІ санат), «Шымкент қаласын айналып өту» (І санат), Алматы-Талғар-Бәйдібек би (І санат) және Алматы-Үшқоңыр (І санат) учаскелері жоспарланған.

Сонымен қатар министр елдің ішкі және сыртқы көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың толық әсерін қамтамасыз ету үшін жергілікті маңызы бар басым жобаларды айқындау және іске асыру талап етілетінін атап өтті. Осыған байланысты әкімдіктердің ұсынған деректері бойынша министрлік өңірлер бөлінісінде автомобиль жолдарының басым жобаларының тізімін жасады.

Аталған жоспарға уақтылы іске асыруды талап ететін жалпы ұзындығы 4,3 мың шақырымды құрайтын 95 учаске енгізілді. Оның 50 – І республикалық желінің жолдарына (1,4 мың км), ал 45-і жергілікті жолдарға (2,9 мың км) қатысты. Бұл жобаларға 2,2 трлн теңге көлемінде қаржыландыру қажет.

«Жобаларды толыққанды іске асыру және республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайту үшін министрлік Еуразиялық даму банкі инвестицияларын тарту есебінен осы жобаларды қаржыландыру тетігін пысықтап жатыр», деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақмолада жол құрылысына бөлінген 1,2 млрд теңге ұрланғаны хабарланған.

Сондай-ақ Алматы облысында жол салу кезінде орын алған бұзушылықтар фактісі бойынша жолаушылар көлігі басқармасы басшысының экс-орынбасары ұсталды.