×
524.65
552.19
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
552.19
5.14

Ақмолада жол құрылысына бөлінген 1,2 млрд теңге ұрланған

21.06.2023, 09:34
Ақмолада жол құрылысына бөлінген 1,2 млрд теңге ұрланған
фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен Ақмола облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары лауазымында бұрын істеген тұлға ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

“Ол жол салуға бөлінген бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқыру фактісіне қатысы бар деген күдікке ілінді. Атап айтқанда, нақты жұмыстарды орындамай ол бюджеттен 1 млрд 244 млн  теңге төленген”, – делінген хабарламада.

Осы факті бойынша ҚК 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен (аса ірі көлемде жысқыру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Осындай қылмыс жасаған үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.   

Айта кетейік, бұдан бұрын Қарағандыда жол жөндеуге бөлінген 2 миллиард теңгеден астам қаржы ұрланған еді.