×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстанда іскерлік белсенділік артар емес

03.11.2023, 15:12
Қазақстанда іскерлік белсенділік артар емес
көрнекі фото

Қазан айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі теріс аймақта қалып, 49,6 құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қазан айында іскерлік белсенділік индексі 49,6-ға дейін сәл жақсарды, бірақ көрсеткіш әлі де теріс аймақта", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, өндірісте іскерлік белсенділік көрсеткіші оң аймаққа өтіп, 51,6 құрады, құрылыста әлі де төмен –  48,5, қызмет көрсету секторында белсенділік аздап 49,5-ке дейін өсті, тау-кен өндірісінде – 48-ге дейін төмендеді.

Еске салайық, қыркүйек айында іскерлік белсенділік  индексі 49,0 құраған. Өткен айда теріс индекс барлық секторда тіркелді.  Мәселен, құрылыста көрсеткіш 49,9-дан 48,5-ке дейін төмендеді. Өндірісте индекс 49,4 (тамызда – 49,7), қызметтерде – 49,1 (49,9), тау – кен өнеркәсібінде-48,6 (49,5) құрады.