×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Өзбекстан Қазақстан арқылы Ресей мұнайының импортын арттыра бермек

05.11.2023, 11:12
Фото: Ашық дереккөз

Өзбекстанның Энергетика министрлігі 2024 жылы Ресейден Қазақстан арқылы мұнай импортын 1 миллион тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2024 жылы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына мұнай шикізатын жеткізу көлемін 1 миллион тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда, бұл қарашада қол қойылған тиісті үшжақты құжатпен қамтамасыз етілген», - делінген ресми деректе.

Ведомствоның хабарлауынша, құжатқа РФ Энергетика министрінің бірінші орынбасары Павел Сорокин, Өзбекстан министрінің бірінші орынбасары Азим Ахмедхаджаев және Қазақстанның энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов қол қойды.

Ресей мұнайы Қазақстан мұнайын Өзбекстан нарығынан ығыстырып шығарды.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Өзбекстанға қазақстандық мұнай жеткізу 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есеге қысқарды. Бұл арзанырақ болып шыққан ресейлік мұнай жеткізілімінің артуына байланысты. Ресейдің Украинаға басып кіруінен және Қазақстаннан ресейлік инфрақұрылым арқылы жеткізілетін мұнайға санкцияларды күшейткеннен кейін Brent эталондық маркасына жеңілдік барреліне 30-35 долларға дейін қалыптасты. Соның салдарынан қазақ мұнайы ресейлік мұнайдан қымбатқа түсті.

Екінші тоқсанда Ресей мұнайының Қазақстан арқылы Өзбекстанға құбыр арқылы тасымалдануы бірінші тоқсанмен салыстырғанда төрт есеге жуық артып, 37,9 мың тоннаға жетті.

Серіктес жаңалықтары