АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу қарашаның 4-і мен 11-і аралығында Қазақстан, Өзбекстан және Үндістанда болады. Бұл сапардың мақсаты – Америка көшбасшысы Джо Байден мен Орталық Азия елдерінің басшылары қатысқан «С5+1 саммитінің табыстылығын арттыру» деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астанада АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Лу Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктерімен кездеседі және АҚШ пен Қазақстан арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік диалогына қатысады. Тараптар саяси және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, экономикалық әріптестік, адам құқықтарын қорғау және халықтар арасындағы байланыстарды қоса алғанда, өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді талқылайды деп жоспарланған.
«Ол сондай-ақ әйелдер мен қыздардың құқықтарын кеңейту және БАҚ бостандығын арттыру үшін азаматтық қоғаммен жұмыс істейді», - делінген Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі мәлімдемесінде.
«АҚШ делегациясы Қазақстан мен Өзбекстанда болған кезде Америка Құрама Штаттарының Қазақстан мен Өзбекстанның егемендігіне, аумақтық тұтастығына және тәуелсіздігіне мызғымас адалдығын растайды», - деп қосты АҚШ Мемлекеттік департаменті.
Еске салайық, 20 қыркүйекте Нью-Йоркте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен С5+1 саммиті өткен болатын.