×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Бейбіт Жұқаев Қазақстанның екінші ракеткасы атанды

06.11.2023, 08:57
теннис федерациясы

Бейбіт Жұқаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, әлемнің 247-ракеткасы Жұқаев финалда дүниежүзілік рейтингте 376-орында тұрған америкалық, 20 жастағы Эйдан Мейомен бас жүлдені сарапқа салды.

«Бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай білді – 6:3. Екінші сетте Бейбіт тағы бір брейк жасап, алға кетті – 4:2. Допты қатты беретін Б. Бейбіт ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4», - делінген федерация хабарламасында.

1 сағат 15 минутқа созылған матчта Жұқаев 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Бұл жеңіс Бейбітке үздік 200 теннисшінің қатарына енуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ол Қазақстанның Александр Бубликтен кейінгі екінші ракеткасы атанады.

Серіктес жаңалықтары