×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қарапайым зейнеткердің өмірі: Нұрсұлтан Назарбаев немен айналысып жүр

06.11.2023, 13:33
фото: ашық дереккөзден

Желіде тараған Назарбаевтардың отбасылық суреті экс-президенттің денсаулығы жақсы екенін растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын туыстары –  Болат Назарбаев, Әнипа Назарбаева және Самат Әбішпен түскен суреті әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Экс-президент бауырының денсаулығын білуге барған деген болжамдар айтылып жатыр.

Алайда журналист Әсет Матаев фотоның ертеректе түсірілгенін айтты.

"Дереккөздің айтуынша, бұл сурет бір жарым ай бұрын түсірілген. Сол кезде Болат Назарбаевтың салмағы 45 келі болған және дұрыс сөйлей алмаған. Жақында оның инфаркт алғаны туралы ақпарат шықты. Дереккөздердің мәліметінше, Алматыда Н. Назарбаевқа шаруашылық қызмет көрсетумен Қазақмыс компаниясы айналысады. Сондай-ақ, дереккөздер Назарбаевтың Алматыға көшкісі келетінін, ал оның сенімді өкілі әлемнің түкпір-түкпіріндегі мүліктерін сатып жатқанын хабарлады. Айтпақшы, ол күйеубаласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі Comlux авиакомпаниясының Airbus A320 NEO VIP ұшағымен ұшады", - деп жазды журналист.

Сондай-ақ, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев қоры "Костенко" шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 50 млн теңге көлемінде тікелей қаржылық көмек бөлгені белгілі болды.

Айта кетейік, бірер күн бұрын қазақстандық БАҚ-та Болат Назарбаевтың жүрек талмасымен ауруханаға түскені туралы мәлімет тарады.

Серіктес жаңалықтары