Алматыдағы "Легенда" тұрғын үй кешенінің тұрғындары үй жануарларының қырылуына кінәлілерді табуды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматы полиция департаменті "Легенда" тұрғын үй кешенінде үй жануарларының өліміне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.
Тергеу Қылмыстық кодекстің 316-бабы "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша жүргізілуде. Өлімнің себептері анықталып жатыр.
Тұрғын үй кешенінің аумағы егеуқұйрықтарға қарсы зарарсыздандырғыш заттармен өңделгені туралы ақпарат пайда болды. Алайда тұрғындар басқарушы компания алдын ала ешқандай ескерту жасамағанын айтады. Салдарынан көптеген үй жануарлары қырылып қалған.
Айта кетейік, бұдан бұрын БҚО-да кеміргіштерден жұқпалы инфекция тарап жатқаны хабарланған.